Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентін Ақордада қарсы алды - фото 1

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентін Ақордада қарсы алды

29 қыр. 2025

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды. Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

 

 

 

Кері қоңырау тапсырыс беру