Лицензиялық шарт-жария оферта
«ҚР ПІБ Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК, бұдан әрі «Лицензиар», осы лицензиялық шарт - жария оферта (бұдан әрі – Оферта) кез келген заңды немесе жеке тұлғаға, сондай-ақ жеке кәсіпкерге Офертада баяндалған шарттарда лицензиялық шарт жасасуды ұсынады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395, 396-баптарына сәйкес төменде баяндалған шарттар қабылданған және лицензиялық сыйақы төленген жағдайда осы Офертаның акцептін жүргізетін тұлға лицензиат (Пайдаланушы) болады.
1. Терминдер және анықтамалары
1.1 «Оферта»– жеке немесе заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге Офертада қамтылған шарттардан тұратын лицензиялық шарт (бұдан әрі – «шарт») жасасуға бағытталған Лицензиардың жария ұсынысы жазылған расталған құжат.
1.2. «Акцепт» - Пайдаланушының Оферта шарттарын толық және сөзсіз қабылдауы. Акцепт Пайдаланушының осы Офертада көзделген кез келген тәсілмен Лицензияны алудың толық құнын төлеу фактісі болып табылады. Пайдаланушы акцептті қабылдаған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі.
1.3. «Сайт» - Лицензиарға тиесілі еркін көрнекі танысу үшін ашық, қолжетімді жария болып табылады, сондай-ақ Лицензия жиынтығы, бағасы және ұсыну туралы шарттары бар ақпаратты қамтитын www.mediabase.kz мекенжай бойынша интернет желісінде орналастырылған ресурс.
1.4 «Лицензия» - Шартқа сәйкес қарапайым (айрықша емес) лицензия талаптарында, Шартта көзделген көлемде және мерзімге ұсынылатын әлемнің барлық елдерінің аумағында Сайтта орналастырылған суреттерді, фотосуреттерді пайдалануға құқық.
1.5 «Лицензиат (Пайдаланушы)» – Шарт жасасу арқылы Контентті өз қажеті үшін пайдалану құқығын алатын заңды тұлға, жеке тұлға не кәсіпкер.
2. Шарттың мәні
2.1. Осы Шартта Лицензиатқа Лицензиардың www.mediabase.kz Интернет-сайтында (бұдан әрі – «Сайт») орналастырылған фотосуреттерге, бейнелерге (бұдан әрі – «Контент») оларды жүктеу (ЭЕМ жадына жазу) және одан әрі пайдалану арқылы қол жеткізуді ұсыну талаптары белгіленеді.
2.2 Осы Шарттың ажырамас бөлігі Сайтта тұрақты орналастырылған Сайтты
пайдалану шарттарын белгілейтін Пайдаланушы келісімінің мәтіні болып табылады сондай-ақ осы Офертаның акцептін қабылдай отырып, Лицензиат Пайдаланушы келісімінің ережелері оның сақталуға міндетті екенін оқи отырып, қабылданғанын растайды. Лицензиаттың Пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдауы ол сайтты пайдаланушының тіркеу сауалнамасын (бұдан әрі – «сауалнама») «мен Пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдаймын» тармағын таңдау арқылы толтырған кезде қосымша расталады. Пайдаланушы келісімі мен осы Офертаның ережелері арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Офертаның ережелері басымдыққа ие болады.
3. Тараптардың міндеттемелері және құқықтары
3.1 Лицензиар Лицензиат төлемді жүзеге асырғаннан кейін Лицензиатқа контентті пайдалану бойынша айрықша емес құқықтар беруге міндеттеледі.
3.2 Лицензиатқа Контентті пайдалану құқығын беру жөніндегі Лицензиардың міндеті ретінде лицензиат ЭЕМ жадына тиісті Контентті жүктегеннен (жазғаннан) кейін тиісінше орындалуы жатады.
3.3 Лицензиат Контентке тән айрықша құқықты сақтайды, сондай-ақ Контентпен байланысты өзге де зияткерлік құқықтар болған жағдайда: тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісіне байланысты туындайтын құқық, фирмалық атау құқығы, коммерциялық белгілеу құқығы, ноу-хау (өндіріс құпиясы), патенттік құқықтар. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Лицензиатқа тікелей берілмеген құқықтар қарастырылмайды. Лицензиаттың өзі жасаған, Контенттен алынған туындыларға қатысты туындайтын кез келген құқықтары оған осы Шартта тікелей қарастырылғандардан басқа тәсілдермен Контентті пайдалануға мүмкіндік бермейді.
3.4 Контентті пайдалану осы Шарттың талаптарына сәйкес Лицензиат тіркеу нысанын толтыру және осы Шарттың және Пайдаланушы келісімінің талаптарын қабылдау Сайтта тиісті тіркелген жағдайда жүзеге асырады. Тіркеу нысанын толтыру көрсетілген әрекетті тиісінше Лицензиатпен не оның өкілімен (егер Лицензиат заңды тұлға болып табылған жағдайда) тікелей жүзеге асыруға тиіс. Тіркеу нысанын толтыруды жүзеге асыратын өкіл Лицензиаттың атынан және оның мүддесі үшін әрекет етеді және осы Шарт бойынша ешқандай құқыққа ие болмайды. Лицензиат тіркеу нысанына енгізген мәліметтердің дәл және шындыққа сәйкес келетініне кепілдік береді.
3.5 Лицензиаттың үшінші тұлғаларға, оның ішінде олармен қосалқы сублицензиялық шарттар жасасу арқылы Контентті пайдалану құқығын беруге, сондай-ақ осы Шартта көзделген Лицензиаттың өзге де құқықтарын үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
3.6 Сайтта Контенттің түпнұсқасын жоғары рұқсатпен жүктеу қолжетімді. Сонымен қатар, жүктелген түпнұсқалық Контентті қарау немесе пайдалану Лицензиаттың қосымша бағдарламалық жасақтаманы орнатуын талап етуі мүмкін. Мұндай бағдарламалық жасақтаманы Лицензиат тиісті өндірушіден сатып алады және оның құны Контент құнына кірмейді.
3.7 Лицензиаттың репортаждық сипаты бар Контентке (іс жүзінде орын алған оқиғалар мен фактілерді бейнелейтін), сондай-ақ адамдардың бейнелері мен бейнелеу өнері туындыларын жаңғыртатын Контентке өзгерістер енгізуге құқығы жоқ. Көрсетілген Контентке енгізілген өзгерістер үшін Лицензиат оны пайдаланған кезде Лицензиат тиісті үшінші тұлғалардың алдында дербес жауапты болады.
3.8 Осы Шарттың талаптарына сәйкес Лицензиатқа берілетін құқықтар, егер Лицензиар Контентке қатысты «модельдің рұқсаты берілді» деген белгіні пайдаланған жағдайда ғана Контенттегі адамдардың бейнелерін пайдалануға рұқсаттарды қамтиды. Барлық басқа жағдайларда Лицензиар Лицензиатқа адамдардың, жердің және заттардың (өзге де зияткерлік меншік объектілерінің, оның ішінде авторлық құқық объектілері мен тауар белгілерінің суреттерін қоса алғанда) контенттегі бейнелерін пайдалану мүмкіндігіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.
3.9 Контентті редакциялық мақсаттарда пайдаланған жағдайда Лицензиат таратылатын Контенттің әрбір данасына (көшірмесіне) қатысты авторлық құқық туралы ақпаратты былайша көрсетуге міндеттенеді: егер осы ақпаратты көрсетуді Лицензиар қандай да бір Контентке қатысты өзгеше түрде тікелей көздемесе © «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені». Лицензиаттың Ллицензиардың келісімінсіз Контенттегі немесе оған ілесіп жүретін авторлық құқық туралы кез келген ақпаратты (оның ішінде «сутаңбаны») өзгертуге немесе жоюға құқығы жоқ.
3.10 Контент заңсыз қолжеткізуді және пайдалануды болдырмау мақсатында арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді және өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып қорғалуы мүмкін. Лицензиат осы қаражаттың қолданылуын айналып өту немесе азайту мақсатында ешқандай әрекет жасамауға міндеттенеді. Сайтта пайдаланылатын техникалық қорғау құралдарының мақсаты тіркеу нысанында қамтылған Лицензиаттың дербес ақпаратының сақталуын қамтамасыз ету және оны үшінші тұлғаларға таратуға немесе жария етуге жол бермеу болып табылады.
4. Лицензияны беру шарттары
4.1 Осы Шарттың талаптарына сәйкес Лицензиар Лицензиатқа қарапайым (айрықша емес) Лицензия шарттарында контентті пайдалану құқығын, атап айтқанда: кез келген техникалық құралдардың көмегімен жаңғырту, тарату, жалпыға бірдей назарға жеткізу және компьютерлік, және өзге де ақпараттық құралдар арқылы беру, телекоммуникациялық желілер (оның ішінде Интернет), көпшілік алдында көрсету, көпшілік алдында орындау, эфирге (оның ішінде ретрансляция жолымен) және кабель арқылы хабарлау, зияткерлік меншіктің басқа объектілерімен ұштастыру және құрамдас және күрделі туындыларға қосу, туынды туындылардың контенті негізінде жасау немесе сату мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып немесе өзге де тәсілмен пайдалану мазмұнның даналарын (көшірмелерін) тарату, оның ішінде осы мазмұнды тапсырыс бойынша сатуға немесе өзге де таратуға арналған тауарларға (футболкалар, плакаттар, ашық хаттар) орналастыру арқылы, және т. б.), Интернет-басылымдарда және өзге де Электрондық басылымдарда, оның ішінде максималды рұқсаты бойынша шектеусіз веб-беттерді ресімдеуде контентті пайдалану, сондай-ақ ұялы байланыс құралдарын, оның ішінде ұялы телефондар мен дербес цифрлық құрылғыларды пайдалану арқылы жүргізілетін жарнамалық және өзге де промо- кампаниялар шеңберінде контентті пайдалану құқығын беруге міндеттенеді. Контентті пайдалану құқығы Лицензиатқа пайдалану аумағына және пайдалану уақытына (мерзімін) шектеусіз беріледі.
Лицензиаттың мазмұнды келесі тәсілдермен пайдалануға құқығы жоқ:
4.2. Контентті пайдалану құқығын үшінші тұлғаларға, соның ішінде олармен қосалқы лицензиялық шарттар жасасу арқылы кез келген жолмен беруге немесе оған жол беруге.
Осы ережеден ерекшелік-Лицензиаттың кәсіби коммерциялық қызметі шеңберінде үшінші тұлғалардың немесе субъектілердің тапсырысы бойынша Лицензиат жасаған басқа жұмыстың ажырамас интегралды бөлігі ретінде Контентті пайдалану (мысалы: жарнама агенттіктері, дизайнерлер, фрилансер дизайнерлер және т.б.). Мұндай жағдайда үшінші тұлғалар немесе субъектілер Контентті Лицензиат жасаған туындының құрамында ғана осы Шарттың негізінде Лицензиат сатып алатын құқықтар шегінде және тәсілдермен сублицензия талаптарында пайдалануға құқылы.
Бұл ретте лицензиаттың мұндай құқықтарды тек бір үшінші тұлғаға немесе субъектіге беруге құқығы бар.
Лицензиаттың кәсіби коммерциялық қызметі шеңберінде Лицензиат жасаған басқа туындының ажырамас интегралды бөлігі ретінде мазмұнды пайдалану құқығын беру үшін үшінші тұлғадан немесе субъектіден артық тапсырыс беру үшін бұдан бөлек жеке Лицензия сатып алу талап етіледі.
Осы Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Контенттің даналарын (көшірмелерін) үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға немесе өзге де жолмен беруге құқылы.
Лицензиаттың кәсіби коммерциялық қызметі шеңберінде лицензиат жасаған басқа туындының ажырамас интегралды бөлігі ретінде мазмұнды пайдалану құқығын беру үшін үшінші тұлғадан немесе субъектіден артық тапсырыс беру үшін жеке лицензия сатып алу талап етіледі.
4.3 Осы Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, контенттің даналарын (көшірмелерін) үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға немесе өзге де жолмен беруге құқылы.
4.4 Осы Шарттың талаптарына сәйкес Лицензиат Контентті пайдаланатын өнімнен, тауардан немесе қызметтен бөлек үшінші тұлғалар үшін қолжетімді болатын тәсілмен пайдалана алады.
4.5 Контентті тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) немесе оның бір бөлігі ретінде, порнографиялық материалдарда үшінші тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын, олардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын бұзатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария ететін өзге де мақсаттарда және жалпы қабылданған адамгершілік пен адамгершілік қағидаттарына қайшы келетін өзге де адамгершілік және қолданыстағы заңнаманың ережелерін пайдалана алады. Жеке профильдердегі және/немесе үшінші тарап профильдеріндегі профильдік фотосуреттер ретінде әлеуметтік желілерде адамдардың суреттерін қамтитын Контентті пайдалануға;.
4.6 Контентті спам хабарламаларында және спам байланыстарында қолдануға;
4.7 Контентті рұқсатсыз пайдалану (осы Шарт бойынша тыйым салынған) авторлық құқықтың және/немесе басқа да құқықтардың және/немесе заңнамалық актілердің бұзылуына әкелуі мүмкін және осылайша зардап шеккен адамдар және/немесе ұйымдар тарапынан Лицензиатқа қаржылық өтемақы талаптарын жоққа шығармай, залалды өтеу және/немесе басқа да талаптар бойынша, сондай-ақ, осы Шарт бойынша рұқсат етілмеген (тыйым салынған) контентті пайдаланудың барлық басқа бенефициарлары тарапынан талаптардың туындауына әкелуі мүмкін.
5. Лицензиардың сыйақысы және есеп айырысу тәртібі
5.1 Осы Шарттың талаптарына сәйкес Контентті пайдалану құқығын бергені үшін Лицензиат Лицензиарға сыйақы төлеуге міндеттенеді. Лицензиардың сыйақы мөлшері Сайтта тиісті Контентке қатысты көрсетілген осындай сыйақы мөлшерлемелеріне сәйкес айқындалады және Лицензиар Лицензиаттың атына қоылйған шотта көрсетіледі. Лицензиаттың Лицензиарға сыйақы төлеуі сайтта көрсетілген ықтимал төлем әдістерінен Лицензиат таңдаған тәсілмен жүзеге асырылады.
5.2 Лицензиаттың Контентті пайдалану құқығының пайда болуы Лицензиаттың Лицензиарға осы Шарттың 5.1-тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуімен шартталуы қажет.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар шарттың талаптарына және қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жауапты болады.
6.2. Қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда Лицензиар Контенттегі кемшіліктер үшін Лицензиаттың болжамды пайдалану мақсаттары үшін Контенттің жарамсыздығы үшін контентті пайдалану салдарынан Лицензиатта туындауы мүмкін залалдар үшін жауапты болмайды. Сонымен қатар Лицензиар Лицензиатқа Контентті Лицензиат көздеген мақсаттарда пайдалану үшін үшінші тұлғалардан қосымша рұқсаттар алу қажет болуы мүмкін екенін ескертеді (Шарттың 2.8-тармағы) және мұндай рұқсаттарды алмай мазмұнды пайдалану үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы мүмкін.
6.3. Қолданыстағы заңнамада императивті көзделген жағдайларды қоспағанда Тараптардың осы Шартты орындауына байланысты Лицензиардың Лицензиат алдындағы жауапкершілігінің ең жоғары жиынтық мөлшері Лицензиат Лицензиарға нақты төлеген тиісті контенттің құнынан аспауға тиіс.
6.4 Лицензиат (а) осы Шарттың кез келген ережелерін бұзуына; (b) Лицензиаттың оған өзгерістер енгізе отырып, Контентті пайдалануына не оны басқа да туындылармен және кез келген түрдегі өзге де объектілермен ұштастыруына байланысты Лицензиарға үшінші тұлғалар беруі мүмкін барлық талаптар мен талаптарды дербес және өз есебінен реттеуге міндеттенеді; (c) Лицензиардың Сайтында тиісті мазмұнға қатысты «үлгінің рұқсаты алынд» немесе «иесінің рұқсаты алынды» деген белгілердің болуына немесе болмауына қарамастан, тиісті рұқсаттарды алу қажет болған жағдайларда Лицензиаттың үшінші тұлғалардан Контентті пайдалануға рұқсаттарды алмауы; (d) Лицензиаттың немесе оның өкілдерінің кез келген заңсыз әрекетімен немесе әрекетсіздігімен өз бетінше және өз есебінен үшінші тұлғалардың Лицензиарға қоятын барлық талаптары мен дауларды реттеуге міндеттенеді.
7. Қорытынды ережелер
7.1 Осы Шарт тараптар немесе олардың тиісті түрде уәкілетті өкілдері қол қойған кезден бастап күшіне енеді және осы Шартта және қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша ол тоқтатылған кезге дейін қолданылады.
7.2 Егер Лицензиат оның кез келген талаптарын бұзған жағдайда, сондай-ақ Лицензиат Пайдаланушы келісімінің талаптарына сәйкес Сайтқа кіру құқығынан айырылған жағдайда Лицензиар осы Шартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы. Лицензиардың осы Шартты орындаудан біржақты бас тартуға өз құқығын іске асыруы салдарынан Шарттың қолданылуы Лицензиат бұл туралы жазбаша хабарлама алған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі. Көрсетілген сәттен бастап Лицензиат осы Шарттың талаптарына сәйкес оған қол жеткізу берілген Контентті кез келген пайдалануды тоқтатуға тиіс.
7.3 Осы Шарттың орындалуына байланысты тараптар арасында туындайтын кез келген даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер барысында шешілуге тиіс. Егер тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттей алмаған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының материалдық және процестік заңнамасына сәйкес Лицензиардың орналасқан жері бойынша осындай дау ведомстволық бағыныстылығына жататын сот шешуі тиіс.
7.4. Тараптар осы Шартты жасасу мақсатында, сондай-ақ шартты орындау үшін кез келген мәмілелер жасалған кезде тараптардың әрқайсысының атынан қол қойылған құжаттармен алмасуды факсты, электрондық поштаны және өзге де осыған ұқсас байланыс құралдарын пайдалану арқылы тараптар барлық жасалатын мәмілелердің қарапайым жазбаша нысанын сақтау ретінде қарауға келісілді. Тараптар сонымен қатар аталған мәмілелерді жасау кезінде механикалық және өзге де көшіру құралдарының көмегімен қолды және мөрді факсимильді жаңғыртуды пайдалануға жол берілетінін келісті.
8. Орындаушының деректемелері
«ҚР ПІБ Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Z05T9D6, Астана қ., Есіл ауд., Ақмешіт көш., 3 ғимарат.
БСН 230740013340
ЖСК KZ98070KK1KS00127004
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті ММ БСК KKMFKZ2A
ҚҚС бойынша тіркеу туралы куәлік
2023 ж. 14.07 күні берілген 1044003 нөмірлі, сериясы 62001