Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды
19 сәуір 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты Ақордада күтіп алды.
Көрші ел Президентінің сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға рапорт берді. Осыдан кейін Президент оркестрі екі елдің әнұранын орындады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.