Халық Заңы
«Халық Заңы» – 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қалыптасу жолын, мазмұнын және тарихи маңызын баяндайтын деректі кино. Фильмде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформаның «бір палаталы Парламент» идеясынан бастап, жалпыхалықтық референдумға дейінгі барлық кезеңі жан-жақты көрсетілген. Мұнда Ата Заңды әзірлеуге тікелей қатысқан Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, «Әділ сөз» халықаралық қоғамдық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова және Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пікірлерімен бөліседі.
Бейнені ендіру
Күннің үздік видеосы
Жаңа Атырау
4 қыр. 2025Аптаның үздік видеосы
«Ұлттық парктер – ұлттық байлығымыз»
17 шіл. 2023Айдың үздік видеосы
Болашақ коды
29 мамыр 2026Жылдың үздік видеосы