Брюссель диалогы

28 маусым 2026

«Брюссель диалогы» – Қазақстан Республикасы Президентінің Бельгияға жасаған маңызды сапары мен Еуропалық одақ басшылығымен өткізген келіссөздеріне арналған Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің деректі фильмі. Бұл сапар Қазақстан мен Еуропа арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңін бастады.

Фильмде Мемлекет басшысының ЕО көшбасшыларымен, Бельгия үкіметінің өкілдерімен, халықаралық қаржы институттары мен Еуропаның жетекші компанияларының басшыларымен өткен негізгі кездесулері баяндалады. Онда экономикалық ынтымақтастық, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, энергетика, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы және аса маңызды минералдар мәселелері қамтылған.

Фильмде сондай-ақ жалпы құны шамамен 12 миллиард АҚШ долларын құрайтын келісімдер мен коммерциялық уағдаластықтарға, сондай-ақ көлік, өнеркәсіп және аграрлық салалардағы жаңа инвестициялық жобаларға ерекше назар аударылады.

Кері қоңырау тапсырыс беру