«БҰҰ-80» БІЗДІҢ ТАҢДАУ – СОҒЫС ЕМЕС, БЕЙБІТШІЛІК.
«БҰҰ-80» деректі фильмі «БІЗДІҢ ТАҢДАУ – СОҒЫС ЕМЕС, БЕЙБІТШІЛІК» бүкіл адамзат үшін бейбітшілікті таңдау неге ең маңызды болып қала беретінін баяндайды. Фильм Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапарына арналған. Оның БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясындағы сөзі халықаралық институттарды жаңғыртуға, сенімді нығайтуға және диалогтың жаңа түрлерін іздеуге шақыру ретінде айтылды. Әлемдік көшбасшылармен кулуарлық кездесулерден бастап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау жөніндегі батыл мәлімдемелерге дейін, ядролық қарусыздану мәселелерінен бастап жасанды интеллект саласындағы бастамаларға дейін – фильмде Қазақстанның БҰҰ-ның болашағына және біздің еліміздің Ұйымды реформалаудағы рөліне қатысты принципті көзқарасы көрсетілген.
Бейнені ендіру
Күннің үздік видеосы
Жасанды интеллект басқара ала ма?
12 қар. 2025Айдың үздік видеосы