Тақырып: ЖИ мұғалімді алмастыра алмайды, ол тек құрал ғана – министрлік
ЖИ мұғалімді алмастыра алмайды, ол тек құрал ғана – министрлік
20 қыр. 2025
Астанада төртінші рет ғылыми-танымдық PRO.NRG Fest 2025 фестивалі өтіп жатыр. Оған 6 мыңнан астам қатысушы – педагогтер, зерттеушілер, оқушылар және олардың ата-аналары жиналды. Ауқымды фестивальді «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры мен «Шеврон» компаниясы ұйымдастырған. Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев жасанды интеллект ешқашан педагогты, оның идеясы мен жаңашылдығын алмастыра алмайтынын ерекше атап өтті.