Тақырып: Жаһандық тәртіп, орта мемлекеттер рөлі – Финляндия Президенті астаналық студенттерге дәріс оқыды
Жаһандық тәртіп, орта мемлекеттер рөлі – Финляндия Президенті астаналық студенттерге дәріс оқыды
29 қаз. 2025
Финляндия Президенті Александр Стубб Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте (MNU) дәріс оқып, қазіргі халықаралық жүйенің өзгерісі, күштердің тепе-теңдігі және жаһандық тұрақсыздық кезеңіндегі шағын мемлекеттердің рөлі жөнінде көзқарасын бөлісті. Студенттер мен оқытушылар алдында сөз сөйлеген президент Стубб әлем қазіргі заман тарихындағы маңызды бетбұрыс кезеңдерімен салыстыруға болатын терең өзгерістер дәуіріне қадам басқанын атап өтті.