#ҚазАқпарат

ҚазАқпарат — қазақстандық халықаралық ақпарат агенттігі, Қазақстандағы ең ірі бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Бас кеңсесі Астанада орналасқан. Негізінен ұлттық және еуразиялық жаңалықтарға назар аударады.
ҚазАқпарат- АТААҰ ақпарат агенттіктері халықаралық қауымдастығының мүшесі (Азия мен Тынық мұхит елдерінің Ақпараттық Ұйымдары); Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары — Мемлекеттердің ұлттық ақпарат агенттіктерінің қауымдастығының мүшесі (МҰАҚ), түркі тілдес елдердің ақпарат агенттіктері ұйымының (ТААҰ), ТҮРКСОЙмәдениет және өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі.
ҚазАқпарат — ИТАР-ТАССРИА-Новости, КАБАР, БелТА, УкрИнформ және т.б ірі ақпарат агенттіктерінің серіктесі.
1920 жылы 13 тамызда РОСТА-ның (Ресей телеграф агенттігі) Орынбор - Торғай бөлімшесі деп аталатын қазақ жаңалықтарының алғашқы агенттігі құрылды.
1925 жылы — ҚазРОСТА деп қайта аталды.
1937 жылы — Қазақ телеграф агенттігі (ҚазТАГ) деген атаумен Қазақ КСР-нің Халық комиссарлар Кеңесіне берілді.
1991 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігі Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) болып өзгертілді.
1997 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің № 3629 Жарлығымен ҚазТАГ таратылып, орнына "Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорны құрылды.
2002 жылы – ҚазААГ базасында "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" Ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы ұйымдастырылды.
2008 жылы – «Қазақ ақпараттық агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамына енді.
2010 жылы – ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 378 қаулысымен «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ таратылып, холдингке кіретін компаниялар, оның ішінде «ҚазАқпарат» ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне берілді.
2011 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 қаулысына сәйкес «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы таратылып, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамына біріктірілді.
2013 жылы – «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы Басқармасының шешімі негізінде 16 қазанда «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелді.
2014 жылы 6 қаңтарда «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС өз қызметін бастады.
2016 жылы – "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" ЖШС "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамынан шығып, республикалық меншікке өтті.
2019 жылы – «Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысымен «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі» ЖШС құрамына «Қазконтент» АҚ қосылып, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
2022 жылы – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені»коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамына енді. Ал агенттікпен аттас компания «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
2023 жылы – «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КеАҚ) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (ШЖҚ РМК) болып қайта құрылды.

Ашу arrow icon

Кері қоңырау тапсырыс беру