Тақырып: Елордада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Елордада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
кеше
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады. Съезд жұмысына партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысып жатыр. Іс-шараға құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, телекоммуникация, туризм, кәсіпкерлік, энергетика, цифрлық технологиялар және мұнай-сервис саласын ұсынатын ірі салалық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың және сарапшылық ұйымдардың жетекшілері қатысуда.