Стратегиялық көршілік

кеше

Стратегиялық көршілік - деректі фильмі Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы туралы баяндай отырып, бұл маңызды оқиғаның екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытудағы маңызын ашады.

Фильмнің негізгі желісінде Қазақстан мен Ресей президенттерінің маңызды келіссөздері, қол жеткізілген уағдаластықтар және өнеркәсіптік кооперация, көлік пен логистика, цифрландыру, энергетика және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қамтылған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тату көршілік қатынастарды нығайтуға, экономикалық байланыстарды кеңейтуге және жаңа даму нүктелерін қалыптастыруға бағытталған бастамаларына ерекше назар аударылады.

Деректі фильм жоғары деңгейде қабылданған шешімдердің бірлескен жобалар арқылы іс жүзінде жүзеге асырылуын көрсетеді. Бұл жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына серпін беріп, екі елдің өңірлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Кері қоңырау тапсырыс беру