Тақырып: Энергетикадағы жасанды интеллект: Huawei сарапшылары KAZENERGY 2025 форумында негізгі үрдістерді талқылады
Энергетикадағы жасанды интеллект: Huawei сарапшылары KAZENERGY 2025 форумында негізгі үрдістерді талқылады
4 қаз. 2025
Huawei компаниясы тұрақты энергетиканы дамытуға арналған инновациялық тәсілдерін XVI Еуразиялық KAZENERGY форумында ұсынды. Аймақтың ең ірі энергетикалық шарасы мемлекет, бизнес және технология саласының өкілдерін біріктірді. Сессия барысында қатысушылар жасанды интеллектті энергия саласына енгізудің тәжірибелік мысалдарын талқылады: интеллектуалды желілер мен қосалқы станцияларды автоматтандырудан бастап, тұтынуды болжау және ресурстарды оңтайландыруға дейін.