Қазақстандағы газет пен журнал оқырмандарының 60 пайызы ауылдық жерлерде тұрады - фото 1

Қазақстандағы газет пен журнал оқырмандарының 60 пайызы ауылдық жерлерде тұрады

17 қаз. 2025

Елде жазылушылар күні аталып өтіп, «Қазпошта» АҚ 2026 жылға арналған мерзімді басылымдарға жазылу науқанын бастады. Жыл сайын жүргізушілер мен пошташылардан құралған команда басылымдарды елдің ең алыс аймақтарына дейін жеткізеді. Күн сайын «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің қолынан ондаған мың дана баспа өнімдері өтеді. Алты мың елді мекенде басылымдарды жеткізу қамтамасыз етіліп, жалпы оқырман саны шамамен 7,5 миллион адамды құрайды.

Кері қоңырау тапсырыс беру