Тақырып: Елімізде әйелдер ғарыш экипажының қатысуымен алғашқы «SANA-1» эксперименті аяқталды
Елімізде әйелдер ғарыш экипажының қатысуымен алғашқы «SANA-1» эксперименті аяқталды
10 қаз. 2025
Астанада әйелдер ғарыш экипажын даярлауға арналған еліміздегі алғашқы ғылыми эксперименттің аяқталу рәсімі өтті. «SANA-1» жобасы Ғарышкерлерді даярлау жөніндегі зерттеу тобының, ҚБТУ-дың, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ-ның (ҰҒЗТО), ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жанындағы Аэроғарыш комитетінің және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.