Тақырып: Ұлы Жеңіске 75 жыл: Алматыда мерейтойлық іс-шаралар салтанатты түрде ашылды
Ұлы Жеңіске 75 жыл: Алматыда мерейтойлық іс-шаралар салтанатты түрде ашылды
Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс - ұрпақты еске алу» мерейтойлық іс-шарасының салтанатты ашылуы өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараны өткізу өзінің бірлігі мен тұтастығы, еңбексүйгіштігі мен жанқиярлығы, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі Достастық мемлекеттерінің бейбітшілігін, бостандығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз еткен халықтың ерлігін еске алуға арналған.
Салтанатты шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Ұлы Жеңіске - 75 жыл» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерейтойлық іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы ұсынған кеңестік фильмдердің кинолекториясын ашады.