Тақырып: Елордада ұлттық қолөнер мектебі ашылды
Елордада ұлттық қолөнер мектебі ашылды
бүгін
Астанада балалар мен жастарға арналған тегін «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы басталды. Үш апта бойы еліміздің әр өңірінен іріктелген шеберлер балаларға ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретеді. Жобаға қатысуға 450-ден астам өтінім түсіп, соның ішінен 208 бала мен жас іріктеліп алынды. «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырған жоба ұлттық қолөнерді сақтауға, оны жас ұрпақ арасында кеңінен дәріптеуге және дәстүрлі шеберлік сабақтастығын жалғастыруға бағытталған. Оқу бағдарламасы зергерлік өнер, киіз басу, көркем тоқыма, ши тоқу, қыш өнері, керамика, сүйек ою, тері және ағаш өңдеу секілді он бағытты қамтиды.