Құрманғазы оркестрінің Ұлттық домбыра күніне арналған концерттерін 2000-нан астам адам тамашалады - фото 1

Құрманғазы оркестрінің Ұлттық домбыра күніне арналған концерттерін 2000-нан астам адам тамашалады

5 шіл. 2026

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Ұлттық домбыра күніне арналған концерттік бағдарламасын көрерменге ұсынып келеді. Алматы қаласындағы Орталық саябақта және MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында өткен концерттерге 2000-нан астам адам жиналды. Мерекелік кеш көркін халық күйлері мен әндері және қазақтың көрнекті композиторларының таңдаулы шығармалары аша түсті. Оркестрдің орындауында «Көңіл ашар», «Ата толғауы», «Махамбет», «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Саржайлау», «Әсем қоңыр», «Көроғлы», «Бозінген» және қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің сан қырын танытатын өзге де туындылар шырқалды.

 

Кері қоңырау тапсырыс беру