Қарқара жайлауында 35 мың қонақ қатысатын «Қымызмұрындық» мерекесі басталды - фото 1

Қарқара жайлауында 35 мың қонақ қатысатын «Қымызмұрындық» мерекесі басталды

27 маусым 2026

Алматы облысының Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында дәстүрлі «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық мерекесі басталды. Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған мереке абыз баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығына орайластырылған. Фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Түрікменстан, Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикасынан қонақтар келді. Ұйымдастырушылардың болжамынша, шараға барлығы 35 мыңға жуық адам қатысады.


Кері қоңырау тапсырыс беру