Тақырып: Кітап жеткізу және мобильді қосымша: Алматы кітапханалары қалай жаңаруда
Кітап жеткізу және мобильді қосымша: Алматы кітапханалары қалай жаңаруда
12 қар. 2025
Кейбір адамдардың санасында «Кітапхана» сөзі естілгенде, өткеннің сарқыншағы секілді ескі ұғымдармен байланысатын ассоциациялар пайда болады. Алайда Алматыда кітапханалар барлық жастағы қала тұрғындарының сүйікті орнына айналып, олардың классикалық бейнесінен әлдеқайда асып түсті. Алматы кітапханаларының жұмысында кітапхана қызметтерінің қолжетімділігін, ыңғайлылығын және сапасын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде.