Тақырып: Астанадағы Ұлттық музейдің жаңа этнография залында 250-ден астам бірегей экспонат ұсынылды
Астанадағы Ұлттық музейдің жаңа этнография залында 250-ден астам бірегей экспонат ұсынылды
16 қыр. 2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде еліміздің әр өңірінен жиналған 258 бірегей экспонат қойылған жаңа этнография залы таныстырылды. Жаңа залдың экспозициясында қазақ халқы мен Орталық Азия халықтарының зергерлік бұйымдары, кілемдер коллекциясы, киіз бұйымдары, ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар мен жиһаз бар.