#Зеренді
Зеренді – Есіл алабындағы тұйық көл. Ақмола облысының Зеренді ауданы жерінде орналасқан. Көлдің табиғаты өте әсем, оны қалың қарағайлы аласа таулар қоршаған. Оңтүстік-батыс жағасында демалыс үйлері, жазғы оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Аумағы 11,9 км2, ұзындығы 6,1 км, енді жері 3,8 км, тереңдігі 4-4,8 м. Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауының биіктігі 10 м, батыс жағалауының биіктігі 4 м-ге жетеді. Оңтүстік жағалауы сай-жыралармен тілімденген. Суы тұщы, ауыз суға жарамды.
Ашу