#Вячеслав Ким
Вячеслав Константинұлы Ким (1969 жылы 12 маусымда, Алматы, Қазақ КСР) — кәсіпкер, қоғам қайраткері, Kaspi.kz компаниясының тең құрылтайшысы, акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан таэквондо ұлттық федерациясының президенті (2013–2024). Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша (1998 жыл) және Ресей-Қазақстан қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша (2002 жыл) тәмамдаған. 2021 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Барыс» орденінің ІІ дәрежесімен марапатталды.
Ашу