#Шарын
Шарын шатқалы, Шарын каньоны – Шарын өзенін 154 шақырым бойлай жатқан табиғи нысан. Шатқал Алматы қаласынан 195 км-дей шығысқа қарай орналасқан. Шарын өзенінің барлық нысандары 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіреді. Шатқал Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Шарын өзеніне Теріскейжәне Күнгей Алатау жоталарының солтүстік баурайынан бастау алатын көптеген өзен сулары қосылып, суы мол өзенге айналады да, Жалаңаш ойпатымен Торайғыр тауын шығысынан қақ жара өтіп орасан зор шатқал жасайды.
Ашу