#Сәкен Исабеков
Сәкен Исабеков Саинович 1980 жылы 10 ақпанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 2001 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясы әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызметін атқарған. Д.А. Қонаев атындағы университетті «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. «Айбын» орденінің II дәрежесімен және «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі, «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» I, II, III дәрежелі медальдарымен марапатталған.
Ашу