#Көбейтұз

Көбейтұз – Теңіз көлінің шығысындағы тұзды тұйық көл.  Ерейментау қаласының солтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Өлеңті өзені алабында. Теңіз деңгейінен 253 м биіктікте жатыр.
Жағалауы құмды, саздақты ойлы жазық. Жағасы күрделі пішінді, су көп жылдары пішінін жиі өзгертіп тұрады. Қараша – сәуір айлары аралығында суы қатып жатады. Суы тұзды. Жауын-шашын және жер асты сулары мен толысады. Көл айдынында жыл бойы су болады.

Ашу arrow icon

Кері қоңырау тапсырыс беру