#Ерейментау

Ерейментау — Ақмола облысындағы қалаЕрейментау ауданының орталығы (1954 жылдан), темір жол стансасы.  Ерейментау тауларының солтүстік-батыс баурайындағы бетеге, боз, сұлыбас, көде, айрауық өскен қызыл қоңыр және қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Ерейментау арқылы республикалық маңызы бар Астана-Павлодаравтомобиль жолы өтеді.
Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы-орманды алқап. Ақмола және Қарағанды облыстарының жерінде орналасқан. Абсолют биіктігі 901 м (Ақдің тауы). Таулы алқап оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр. Енді жері 30 км-ге дейін жетеді. Тау Өлеңті және Шідерті өзендерінің суайрығы болып табылады. Жарық, Қарасу, Олжабай, Тұрғынбай өзендерінің салалары тау беткейлерінен басталады. Тауаралық аңғарларында шипалық ем болатын тұзды және тұщы (Тайбай) көлдер мен бұлақтар көп кездеседі

Ашу arrow icon

Кері қоңырау тапсырыс беру