Тақырып: Қазақстан мен Қытай ушу спорты бойынша ынтымақтастықты күшейтіп жатыр
Қазақстан мен Қытай ушу спорты бойынша ынтымақтастықты күшейтіп жатыр
кеше
Спорт саласындағы байланысты тереңдету мақсатында «Ушу достықты нығайтады: өркениеттер диалогы» іс-шарасы өтті. Жиында қазақстандық және қытайлық ушу шеберлері көпшілікке өнерін паш етіп, аталған спорттың әдіс-тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар, басқосуда мамандар ушудың маңызы жөнінде пікір білдірді. Олардың сөзінше, аталған спорт қос мемлекет арасындағы жан-жақты серіктестікке, өзара қарым-қатынасқа оң әсерін тигізеді.