#Қытай

Қытай — ресми атауы Қытай Халық Республикасы (ҚХР) — Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Шығысында елді Тынық мұхитының батыс теңіз сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында КХДР (Солтүстік Корея) және Ресеймен, солтүстігінде — Моңғолиямен, солтүстік-батысында — Ресей және Қазақстанмен, батысында — Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстанмен, оңтүстік-батысында — Пәкістан бақылауындағы Гилгит-Балтистанмен, Үндістан, Непал және Бутанмен, ал оңтүстігінде — Мьянма, Лаос және Вьетнаммен шектеседі. Ел аумағының жалпы көлемі 9,6 млн км², бұл көрсеткіш бойынша Қытай Ресей, Канада және АҚШ-тан кейінгі дүниежүзіндегі төртінші орынға ие.

Ашу arrow icon

Кері қоңырау тапсырыс беру