Тақырып: Алматыда Республика алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды: не өзгерді
Алматыда Республика алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды: не өзгерді
10 шіл. 2026
Жаңартылған қоғамдық кеңістік келушілер үшін ашылды. Бұған дейін аумақтың басым бөлігін ретсіз автотұрақ алып жатқан болса, бүгінде оның орнында серуендеуге арналған аллеялар, жасыл аймақтар, сәндік су айдындары, балалар ойын алаңдары және демалыс орындары пайда болды. Абаттандыру тұжырымдамасын британдық компания әзірледі. Жоба «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырылды. Жаңартылған аумақтың жалпы көлемі 4,5 гектарды құрайды.