Тақырып: Италиялық профессор Алматыда бірегей ота жасады
Италиялық профессор Алматыда бірегей ота жасады
28 қыр. 2018
Алматы қалалық кардиология орталығында италиялық профессор Антонио Коломбоның шеберлік сабақтары өтті. Оның аясында бірегей оталар жасалды.
Антонио Коломбо - Милан қаласындағы Колумбус және Сан Раффаэль госпитальдарының жүрек кататеризация зертханасының директоры.
Шеберлік сабақтары Қазақстан Интервенциялык кардиологтар және эндоваскулярлық хирургтар қоғамының IV съезi аясында өткізілді.