«Capital Health» ұлттық форумы
5 шіл. 2024
Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Туризм және спорт министрлігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Capital Health» тұңғыш ұлттық форумы өтіп жатыр.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекет, бизнес және ғылымның тоғысуы шеңберінде салауатты болашақты насихаттау, ұлт саулығын ұлықтау.
Форумды ашқан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова соңғы 10 жылда Қазақстанда халық санының жыл сайынғы тұрақты өсімі байқалатынын атап өтті.