Тақырып: Астанада Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі басталды
Астанада Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі басталды
17 қыр. 2025
Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Cъезінің жұмысы басталды. VIІI Съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысып жатыр. Олардың қатарында әлемдік діндердің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және қоғам қайраткерлері бар. Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия».