Тақырып: Астанада халықаралық гүлдер көрмесі өтіп жатыр
Астанада халықаралық гүлдер көрмесі өтіп жатыр
8 сәуір 2025
Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрме орталығында Flora Expo Astana 2025 атты халықаралық гүлдер көрмесі өтіп жатыр. Осымен 12 жыл қатарынан өткізіліп жатқан іс-шараға биыл Нидерланд, Франция, Швейцария, Кния, Оңтүстік Корея, Жапония, Бельгия, Италия, Өзбекстан, Польша, Эквадор сияқты 20 елден 200-ден астам компания қатысып отыр.