#Көрме
Көрме – белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету. Көрмелерге қойылатын заттар түріне қарай экономика, ғылым, техника және мәдениеттің барлық салаларын қамтитын көрмелер де болады. Көрмелер қатысушылар құрамына қарай дүниежүзілік, халықаралық, аймақтық көрме ретінде ұйымдастырылады. Алғашқы көрме 16 ғасырдың аяғында Европада өткізілген. Кейінгі ғасырларда, әсіресе 19-20 ғасырларда өндірістің, сауданың дамуына байланысты көрменің маңызы артып, түрі көбейді.
Ашу