Қазақстан инвесторлармен $7 млрд-қа 32 құжатқа қол қойды
1 қар. 2024
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар бойынша VII Қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2024). Алаңда ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, энергетика және тау-кен өндіру салалары, қаржы секторы салаларындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялар басшыларымен бірге 500-ден астам бизнес өкілі, сондай-ақ отандық кәсіпкерлік сала өкілдері, инвесторлар жиналды. Пленарлық сессия «Жаһандық инвестициялық үрдістер: болашаққа көзқарас» тақырыбына арналды.