#Олжас Бектенов

Олжас Абайұлы Бектенов - 1980 жылғы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылады. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Бұған дейін атқарған лауазымдары:

  • 2002–2005: Алматы қаласы Әділет басқармасының бөлімінің бас маманы

  • 2005–2006: ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, кейін бас сарапшысы

  • 2006–2009: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген

  • 2009–2012: ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары

  • 2012–2014: ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент басшысы

  • 2015: Астана қаласы әкімінің аппаратының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығының меңгерушісі

  • 2016–2017: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы

  • 2017–2018: Ақмола облысы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары

  • 2018–2019: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары

  • 2019–2022: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары

  • 2022–2023: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

  • 2023–2024: ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  • 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

Ашу arrow icon

Кері қоңырау тапсырыс беру