Тақырып: Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы жаңа жинақ жарық көрді
Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы жаңа жинақ жарық көрді
23 сәуір 2025
Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толады. Тарих тұрғысынан қарағанда бұл көп уақыт емес, бірақ адамзат тарихындағы ең қайғылы және қанды соғыстардың бірі туралы естеліктер көмескілене түскендей. Соғысты көзімен көрген, жақынын жоғалтқан, азабы мен қиыншылығын бастан өткерген адамдар саны да сиреп келеді.
Осыған орай танымал журналист, деректі жобалар авторы Майя Бекбаева «Қазақстан. Жеңіске қосқан үлес» атты жаңа жинағын таныстырды.