Тақырып: «Астана Балет» театрының Алматыдағы гастролі қалай өтті
«Астана Балет» театрының Алматыдағы гастролі қалай өтті
24 ақп. 2020
Алматыда 19-23 ақпанда Абай атындағы МАТОБ сахнасында «Астана Балет» театры үздік қойылымдармен өнер көрсетті
Ұжым гастрольдерін «Astana Ballet presents» бағдарламасымен ашты, оған театрдың неоклассикалық репертуарынан үш бір актілі балет енді. Олардың екеуі - «Астана Балет» үшін арнайы жасалған Германия мен Американың қазіргі заманғы хореографтарының жұмыстары. Бұл Раймондо Ребектің «Естелік саяхаты» және Николо Фонтенің «Жоғалған махаббат кумирлері». Сондай-ақ, кеште алматылықтарға алғаш рет И.Бахтың музыкасына жазылған Джордж Баланчиннің «Кончерто Барокко» балеті ұсынылды.