Қазақстанда аңызға айналған апортты қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр - фото 1

Қазақстанда аңызға айналған апортты қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр

16 қыр. 2025

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйгілі алма сорты – апортты қалпына келтірудің ауқымды бағдарламасы басталды. 2024 жылы Жоңғар Алатауының таулы аймақтарында мәдени сорттардың арғы тегі саналатын жабайы Сиверс алмасының тұқымдары жиналды. Олар себіліп, питомник құрылды. Ал биылғы жылдың ақпан айында сапалы көшеттер өсіру үшін 10 гектар аумақта қысқы көз қондыру жүргізілді. 2027 жылға қарай 110 гектар апорт бағы отырғызу жоспарлануда.

Кері қоңырау тапсырыс беру