Жаңа альбом – жаңа дем!

14 шіл. 2026

Бұл шығарылымның қонақтары – әнші, композитор Son Pascal және әнші, музыкант Mofashi. Эфир барысында қос өнерпазбен жақында жарық көрген EP-альбом, шығармашылықтағы жаңа кезең және тыңдарманға ұсынған ерекше музыкалық бағыт жайлы әңгімелестік. Сонымен қатар, олардың жаңа дуэті, әндердің дүниеге келу тарихы және босса-нова мен джаз стиліндегі музыканың ерекшеліктері сөз болды. Ең әсерлі сәттердің бірі – студияда орындалған жанды дауыстағы ән. Музыка, шабыт және жаңа шығармашылық тыныс туралы қызықты сұхбатты бірге тамашалаңыз!

Кері қоңырау тапсырыс беру