Лудомания ер адамдардың потенциясын әлсіретіп жібереді — аддиктолог / Подкаст BIZDIÑ ORTA

18 жел. 2024

Kazinform-ның YouTube арнасында  Bızdıñ orta деген атаумен жаңа жоба басталды. Агенттіктің бас редакторы Нағашыбек Алдан подкастқа шақырылған спикерлермен бірге қазіргі қоғамның дертіне айналған лудомания мәселесін талқылады. Аддиктолог маманның айтуынша, лудомания ер адамдардың потенциясын төмендетіп жібереді екен.

 Подкаст қонақтары:

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, Превенция және талдау әзірлемелері департаментінің қызметкері Дәурен Мүліков.

 ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Ғалымжан Мұстафаев.

 Стационарлық емдеу клиникасының аддиктолог маманы Азамат Советбеков.

 Талқы соңында жүргізуші сурет салу арқылы айтылған әңгіменің қорытындысын шығарады.

Кері қоңырау тапсырыс беру