Ресурстар: Даланың мәңгілік алауы

кеше

Ерте заманда адамның қолында тек тас пен от қана болды. Уақыт өте келе ол кенді тауып, металды балқытуды және оны қару-жараққа, еңбек құралдары мен әшекей бұйымдарға айналдыруды үйренді. Осылайша Ұлы даланың металлургия тарихына бастау болған алғашқы шеберлер дүниеге келді. Мыңдаған жылдар өткен соң олардың кәсібі алып индустрияға айналды. Шағын балқыту пештерінің орнын шахталар, зауыттар және металлургиялық комбинаттар басты. Олар металды өнеркәсіптік көлемде өндіруге жол ашты. Дәл осы Қазақстан жерінде отандық металлургияның тарихы бастау алды.

Кері қоңырау тапсырыс беру