#Ермек Сағымбаев
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев (11 қазан 1967, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты, 2022 жылдан бастап қызмет атқаратын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
1989 жылы Қазақ политехникалық институтын, 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдады.
1994—2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтер, 2006—2019 жылдары ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызметтер атқарды.
2019—2021 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды. 2021 жылдың шілдесінен тамыз айына дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалып, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқарды.
2021 жылғы тамыздан 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды.
2022 жылғы 6 қаңтардан бастап — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы.
2022 жылғы ақпан айынан бастап — Қазақстан жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті.