#Қанат Бозымбаев

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев (8 қаңтар 1969 жылАлматы) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, 2024 жылғы 31 наурыздан бастап Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.

Бұған дейін Алматы облысының әкімі (2021–2022), Президенттің көмекшісі (2019–2021), Энергетика министрі (2016–2019), Павлодар облысы (2013–2016) мен Жамбыл облысының әкімі (2009–2013) қызметтерін атқарған.

  • 1969 жылғы 8 қаңтарда Алматы қаласында туған.
  • Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген экономист. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еңбек сіңірген энергетигі.
  • 1993 жыл — «Эдем Лтд» жекеменшік компаниясының экономисі.
  • 1994 жыл — Алматы әкімінің көмекшісі.
  • 1997 жыл — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
  • 1998 жылғы тамыздан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай және газ департаментінің бастығы.
  • 2000 жылғы наурыздан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
  • 2001 жылғы қаңтардан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
  • 2001 жылғы мамырдан 2007 жылғы тамызға дейін — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.
  • 2003 жылғы наурыздан 2007 жылғы тамызға дейін — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының директорлар Кеңесінің төрағасы.
  • 2007 жылғы тамыздан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы.[1]
  • 2008 жылғы қазаннан — «KEGOC» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
  • 2009 жылғы 30 қарашадан — Жамбыл облысының әкімі.
  • 2013 жылғы желтоқсаннан — Павлодар облысының әкімі.
  • 2016–2019 жылдары — Қазақстанның энергетика министрі.[2]
  • 2019 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы қарашаға дейін — Қазақстан Президентінің көмекшісі.[3]
  • 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін — Алматы облысының әкімі.
  • 2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы наурызға дейін — Қазақстан Президентінің кеңесшісі.
  • 2024 жылғы 31 наурыздан — Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
Ашу arrow icon

Кері қоңырау тапсырыс беру