#Қазаэронавигация
Қазаэронавигация — Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін азаматтық мақсатта пайдалану саласындағы аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Толық атауы: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе жүрісін басқару және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері:
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ұшу және байланысқа арналған радиотехникалық құралдарды пайдалану.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.