#Бақытжан Сариев

САРИЕВ Бақытжан Шөмішбайұлы 1971 жылғы 24 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы  бойынша –  инженер, заңгер.  2022 жылғы маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалды. «Парасат» (2021) және «Құрмет» (2012) ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2006), 9 мерекелік медальмен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен (2017), Қазақстанның сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін Сыртқы істер министрлігінің Нәзір Төреқұлов атындағы медалімен (2019) марапатталған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Ашу arrow icon
Бөлім бос. Толықтыруды күтіңіз

Кері қоңырау тапсырыс беру