Тақырып: Президент Іс басқармасының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президент Іс басқармасының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
3 маусым 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында 2026 жылғы 15 мамырда Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитін даярлау мен өткізуге елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Жалпы алғанда, Президент Іс басқармасы жүйесінің 37 қызметкері марапатқа ие болды.