Қазақстан АҚШ компанияларын сирек металдар кенін игеруге шақырды - фото 1

Қазақстан АҚШ компанияларын сирек металдар кенін игеруге шақырды

10 маусым 2026

Астанада Орталық Азия елдерінің және АҚШ өкілдерінің қатысуымен C5+1 форматында Аса маңызды минералдар жөніндегі диалогтың отырысы басталды. Бұл диалог аталған елдер арасындағы стратегиялық шикізатпен тұрақты қамту, технологиялық ынтымақтастықты дамыту және сенімді жаһандық жеткізу тізбектерін қалыптастырудағы әріптестікті тереңдетуге бағытталған. Өз сөзінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2025 жылғы қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтон қаласына сапарында АҚШ Сауда министрі Говард Латник мырзамен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойғанын еске салды.


Кері қоңырау тапсырыс беру