Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентін Ақордада қарсы алды
2 там. 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды.
Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.
Осыдан кейін Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.