Тақырып: Астаналықтар шорт-тректен ел құрамасын салтанатпен қарсы алды
Астаналықтар шорт-тректен ел құрамасын салтанатпен қарсы алды
18 ақп. 2025
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Қысқы Азия ойындары және әлемдік тур додасынан оралды.
Спортшыларды Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетімді оркестрі айбынды әуенмен және сарбаздар салтанатты түрде сап түзеп қарсы алды.
Шараға спортшылардың туған туыстары және елорда тұрғындары, сонымен қатар спорт жанкүйерлері, шорт-тректен Қазақстан командасын ұзақ жылдар бойы жаттықтырған Мәдіғали Қарсыбеков, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит, Спортты дамыту дирекциясының өкілдері қатысты.